«Сталинец» комбайн
Бұл бетте ««Сталинец» комбайн» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Толқыған егіс теңізін
Келеді жүзіп нан кеме –
«Сталинец» ол біздің,
Егін орған сәндене.
Ырғалған бидай қарсылап
Құрметпен басын иеді,
«Сталинец» қарқындап,
Алтын дәнді үйеді.
Борандай ұйтқып соғады,
Артында сабан бұрқырап,
Бункерге бидай толады,
Өзендей аққан сарқырап.
Комбайыншы жас жігіт,
Егінді байқап шолады.
Барған сайын бәс тігіп,
Бидайды жақсы орады.
«Сталинец» комбайн,
Кемедей жүзіп келеді;
Сен де дайын, біз дайын
Еңбегіміз өнеді.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі