Тракторшы
Бұл бетте «Тракторшы» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрісінен трактор
Жер жотасы солқылдап,
Төңкеріліп қап жатыр
Мақпал қара топырақ,
Қара жерді алқымдап.
Соқа батыл тіледі,
Есіліп қара топырақ,
Тілінсе рең кіреді.
Тракторшы Еркебай
Түріп шомбал білегін,
Нықтай бұрап келеді,
Машинаның рулін.
Жер етегін жыйырып,
Қусырмалап барады,
Тер маңдайдан құйылып,
Моншақтай боп ағады.
Қара-қошқыл денесі,
Күн нұрына тотыққан.
Түйін-түйін бұлшық ет,
Жүзінде ойнар ыстық қан.
Көктем күні мейірімлі
Нұрландырып маңайды,
— Өткізбе — деп мерзімді
Тас төбеден қарайды.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі