Темірші
Бұл бетте «Темірші» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып кеуде, апай төс,
Жағасы кеткен жайылып.
Сом темірді, шыбықтай
Бұрайды неше қайырып.
Кесек-кесек бұлшық ет,
Шымырланған бойы түйілген.
Балғасының күшінен
Құрсау темір иілген.
Бүтіндеп темір күрегін
Суғарып шым болатты,
Қондырып арба тиегін,
Шарықтап айдай орақты.
Астықтың жалғыз дәні үшін
Арттыруға өнімді.
Елінің игі қамы үшін,
Тер моншақтап төгілді.
Бас көрікті, темірші,
Гулет жылдың желіндей,
Еңбекке өзің әмірші,
Пісір құрыш темірдей!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі