Шофер қыз

Бұл бетте «Шофер қыз» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Торғын көктен алтын ай,
Күмістей сәуле төгеді,
Қасқайып жатыр даңғыл жол,
Машина зулап келеді.

Машинамен заулатып,
Сұлу таңмен жарысқан,
Келеді шофер түн қатып,
Астық артып алыстан.

Таңасырған тұлпардай,
Машина заулап келеді,
Астықты алтын тоқтатпай
Қамбаға әкеп төгеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері