Сушы қыз
Бұл бетте «Сушы қыз» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бархыт қара көзіңнің ұшқынынан,
Көргендеймін өмірдің болашағын.
Қызыл гүлдей ертеңгі мың құлпырған,
Тұлғасындай ізгілік Сәуле жаным.
Кетпеннің ізімен су жүгіріп,
Ақ бидайдың тамыры қуат алды.
Жер қыртысы, босанып, шырай кіріп,
Қадамыңнан құлпырып гүл жайқалды.
Ағып жатса зымырап су сағадан,
Бәрі де егіс ырғалған айналаның.
Айсыз түнде жұлдыздар жарқыраған,
Кірпік ілмей атырдың жаздың таңын.
Қызыл арай, сары алтын нұр себелеп,
Тұнық сұлу майдағы таң атқанда,
Айналаны толқыттың әнге бөлеп,
Үнің қостың бұлбұлға сайырғанда.
Сылдыраған арықтың мөлдір суы,
Етенелей қандырды жер жетесін.
Сеп ұстаған жарыстың қызыл туы,
Кіргізіп тұр еңбектің берекесін.
Сол егістің теңіздей толқынында,
Шаттық, бақыт — айғағы сенің әнің.
Қарлығаштай хабаршы жетіп қырға,
Жылқышыға төккендей сырдың бәрін.
Тау қойнауы өзеннің мөлдір суы,
Жылқылардың бағамын арғымағын.
Еңбек, шаттық қызықтың сонда туы
Сені ғана Сәулешім сағынамын.
Ел ардағы, жер құты, ер тұлғасы,
Сенсің Сәулем әлемге сүйкімді қыз
Сені өсірген Сталин заманасы
Жарқыратып төсіңде алтын жұлдыз.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі