Мысық
Бұл бетте «Мысық» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кіп-кішкентай тарғыл мысық
Жылы сүтке тойып алып,
Домаланып, қарғып түсіп,
Үйде жүрді асыр салып.
Тысыр шықты, тыңдай қалды
Екі көзі оттай жанып.
Аңдып отыр айналаны
Ойнау үшін, тышқан қағып.
Үйде ештеңе көрінбейді.
Ептеп басып тысқа шықты.
Арқа жүні күжірейді
Көре сала ақ күшікті.
Мұрты кеткен тікірейіп,
Жез қармақтай тырнақтары.
Тісі ақсыйып айбат шегіп,
Ақ күшікке пысылдады.
Күшік оны қызық көріп
Тұрпатына қарай қалды.
Мысық тағы көңілденіп
Өз бетінше асыр салды.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі