Лақ

Бұл бетте «Лақ» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шұнақ-шұнақ-шұнақ қағып,
Жүгіреді ақ лағым.
Үй маңында асыр салып,
Кезіп өзен жар қабағын.

Ойнап күздің ор киігі,
Жез оймақтай тұяқтары.
Жылтырайды құндыз түгі,
Желбең-желбең құлақтары.

Жамырасып енесімен,
Сүтке тойып ойнақтайды.
Асыл төлді мен өсірген,
Айтшы кімдер ұнатпайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері