Ақ күшік

Бұл бетте «Ақ күшік» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Амантайдың ақ күшігі,
Маңайынан жүргізбейді.
Ашық тұрса үй есігі,
Кісі жоқта кіргізбейді.

Арсалаңдап еркелейді,
Амантайды көрген сайын.
Ешкім жоқта үндемейді,
Күзетеді үй маңайын.

Мектебіне келерінде,
Бақшасына байлап кетті.
Күнде қайтып келгенінде,
Ойнап өзін еркелетті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері