Мұрат

Бұл бетте «Мұрат» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сығалады алтын күн
Ақшыл басты шыңдардан.
Тал, қарағай, емендер
Бурыл тартты қыраудан.

Әлем қалың ақ мамық
Күміс көрпе жамылған,
Сықырлаған ақша қар
Күн нұрына шағылған.

Шықты Мұрат шаңғымен
Алып таудың төсіне,
Құлдыйлап ағып жүйктімей
Іркілуші еді несіне!?

Сонау биік төскейден,
Жұлдыздайып ағады.
Қарсы соққан бетіне
Сіміре жұтып ауаны.

Орғып тоқсан толқыйды,
Толқып аққан ағындай.
Кетеді кейде құлдырап,
Қырда ойнаған сағымдай.

Кейде сырғып бұлақтай,
Қылыштай кейде үйірген.
Кейде сусып сынаптай
Кейде қыран шүйілген.

Аяз сүйіп бетінен,
Алмадайын қызарған.
Қызықты ойын, думаны
Тарқамайды құмардан.

Қайнарынан ғылымның
Сусындаудан тынбайды.
Шыйратып ойын, денесін
Өзін-өзі шыңдайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері