Қыс
Бұл бетте «Қыс» атты Зияш Қалауова жазған табиғат туралы өлең берілген.
Айналада аппақ әлем,
Мамықтай қар борады,
Орман, бақты әлдилеген,
Жел гуілдеп соғады.
Мұнарланған бұлттай шөгіп,
Қыр мен орман тұтасып,
Айналаны жатыр көміп,
Қалың ақша қар басып.
Бурыл мұртын шыйратады,
Қарға қарап Өмірбек,
Күлімсіреп тіл қатады,
— Тасыр быйыл өнім—деп.
Қысқы ауада асыр салып,
Топ бала еркін ойнайды.
Екі беті нарттай жанып
Аяздарда тоңбайды.
Үлпілдек қар қалыңдай бер,
Күздік терең көмілсін,
Нажағайлы жазда нөсер —
Меруерттей төгілсін.
Үлпілдек қар қалыңдай бер,
Жер күртікпен көмілсін,
Жаз, торғындай жайқалып бел,
Төрт түлік мал семірсін.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі