Мақсұт бақшашы
Бұл бетте «Мақсұт бақшашы» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күн сәулесі таудан шығып,
Алтын шапақ төкті әлемге,
Толықсыйды жаз құлпырып,
Сәуле сүйген жасыл өлке.
Сонау колхоз іргесіне,
Кім екен бұл егін еккен.
Айналаны орап гүлге,
Балғын бақша желбіреткен.
Қияр, қауын, қарбыздары,
Қой тастардай домаланып,
Қызыл-лағыл памидоры
Пісіп жетті өрттей жанып.
Қызылшасы, сәбіздері
Ырғатылып тұр тіреліп,
Төгенедей асқабағы
Пәлектері белге келіп.
Көлдің көкше құрағындай
Жуалары ұрықтанған,
Таза ауада жұпар шашып
Бір шетінде гүл-райхан.
Тым тамаша бақша көркем
Көздің нұрын қандырғандай.
Жанып еңбек жайып өркен
Жайқалып тұр балдырғандай.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі