Жаңбыр

Бұл бетте «Жаңбыр» атты Зияш Қалауова жазған табиғат туралы өлең берілген.

Тұтаса таудан үдерген,
Мақпалдай бұлт көрінді,
Түтіндей көктен түнерген,
Шелектеп жаңбыр төгілді.

Күркіреп ойнап нажағай
Жермен көкті тербетті.
Түрлене түсіп көк орай,
Сарқырап өзен селдетті.

Жайқалып өсіп қызғалдақ,
Кілемдей дала құлпырған,
Көк торғын төсін құшақтап,
Қалғыды тауда ақ тұман.

Алғашқы тамған жауынның
Тырс-тырс еткен дыбысы,
Рақатындай жанымның,
Секілді дала тынысы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері