Жаңбырдан кейін

Бұл бетте «Жаңбырдан кейін» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бозғыл тұман жамылып,
Мұнартып қарлы тау тұрды.
Көк шашагын тағынып,
Торғындай дала құлпырды.

Айнадай ашық көк жиек
Қарады таудан күміс күн.
Үлбіретіп ақ жібек —
Сыпырды бұлттай пердесін.

Жылғадан су да сарқырап
Толтырды сай-саланы,
Ең далаға асыр сап,
Күркіреп өзен ағады.

Жайқалып қаулап өсіп тұр,
Алуан дақыл егісте,
Шалғында семіз жылқы жүр,
Мал жайылып өрісте.

Шырадай гүлін жандырып,
Көріктенді табиғат,
Даланың шөлін қандырып,
Төккендей жаңбыр рақат.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері