Раушан

Бұл бетте «Раушан» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Алма бақтың ішінде
Ашылған жаңа раушан.
Көркем нәзік пішінде
Иісі жұпар аңқыған.

Табиғат сұлу толысып,
Мақпалдай жасыл құлпырған.
Жапырақтарға шық түсіп,
Мөлдіреп тұрды ақмаржан.

Өзгерmeй осы әсем гүл,
Жанданып сұлу табиғат,
Теңіздей толқып ұлы өмір
Жасайды мәңгі адамзат.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері