Құлпырған торғын ен дала

Бұл бетте «Құлпырған торғын ен дала» атты Зияш Қалауова жазған табиғат туралы өлең берілген.

Құлпырған торғын ен дала
Алтын астық егілген,
Егін боп өсіп жайқала
Еңбегім бұл көрінген.

Самалға жазгы еркелеп,
Тербелді көлде толқындай,
Жайқалып жатты көкпеңбек
Ырғалып өскен ақ бидай.

Сән береді өмірге
Теңіздей толқып алтын дән.
Көбейе берсін елімде
Ақ бидайдан тәтті нан.

Толықсып жетіп шарқына,
Дәулетті өмір шалқыған,
Несібе, ырыс халқына —
Молайта берсін ұлы Отан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері