Өзіңді көргім келеді

Бұл бетте «Өзіңді көргім келеді» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Уыты шоқтай жайнап нұр,
Шын ықылас тұйық сыр,
Қуаныш, бақыт жастық шақ,
Деп тұрғандай досқа ортақ,
Көзіңді көргім келеді.

Кіршіксіз таза сүйкімді,
Жымыйған ғана күлкіңді,
Мөлдіреген көзіңнен,
Жайдары сәуле төгілген,
Көзіңді көргім келеді.

Алдағы өмір уақытты,
Игілік, талап, бақытты,
Ұзақ бірге көретін, —
Досым деп серік сенетін
Өзіңді көргім келеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері