Жаздың таңы

Бұл бетте «Жаздың таңы» атты Зияш Қалауова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жасыл барқыт тау өзенің жағасы,
Судырайды қайың, терек ағашы.
Жібек желі желпіп әсем даланың,
Таза ауада жұпар аңқыр маңайың.

Гүл ашылып бейне қызыл қырмызы,
Ән салады гүлдің ерке бұлбұлы.
Ынтығамын тамылжыған күйіне,
Жан тербеткен сұлу әнге сүйіне.

Бой балқытқан әлдиіндей ананың,
Тәтті күйге мейірлене қанамын.
Міне, мен де іске кетіп барамын,
Толқындата шаттық әнге саламын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері