Көңілдің орындалмай көп тілегі
- 0
- 0
Көңілдің орындалмай көп тілегі,
Кеудемді құлын жүрек тепкіледі.
Бейғам ем, бетпе-бет кеп ойда жоқта,
Көзіңнің найзағайы соқты мені!..
Бұл бетте «Мектебім» атты Бақыт Асқат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілдің орындалмай көп тілегі,
Кеудемді құлын жүрек тепкіледі.
Бейғам ем, бетпе-бет кеп ойда жоқта,
Көзіңнің найзағайы соқты мені!..
Қалай ең, ұмыттың ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл әппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем!..
Адасып, жалғызсырап келсең кейін,
Бейкүнә жүрекке бір жол сермейін.
Еркіңде, кетсең-дағы екі бөліп,
Жалт еткен қынаптағы семсердейін.
Бірге түстік тірлікте от пен суға екеуміз,
Қанықпыз ғой бастан бұл өткен сырға екеуміз.
Бірге татып өмірдің ащы дәмін екеуміз,
Көңілдердің шырқадық...
Жастық шақ еске салып айларды өткен,
Құлашын қиялыма жайған көптен.
Барыңмен думандатып, базарыңмен,
Жеттің бе аман-есен, қайран көктем.
Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа,
Қайталап бір ағысты бір ағысың.
Төккендей күміс теңге тас-табаққа,
Толқының паш етеді бұла күшін.
ashat
Осы жарияланған оқушылардың өлеңдеріне дипломдар беріле ме?
аскат
кереееееееееееемет