Жастық шақ еске салып айларды өткен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жастық шақ еске салып айларды өткен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1045
Жастық шақ еске салып айларды өткен,
Құлашын қиялыма жайған көптен.
Барыңмен думандатып, базарыңмен,
Жеттің бе аман-есен, қайран көктем.
Биікке тірлік бойлап әр түптерден,
Секілді жерге жасыл барқыт керген.
Көктеммен біздің жаққа бірге ілесіп,
Құстар қайтып келеді тартып керуен.
Қыраттар күн көзімен шағылысқан,
Баурынан бұлдырап ақ сағым ұшқан.
Барады көбелектер қуалап гүл,
Ғашықтай бірін-бірі сағынысқан.
Мұндайда жатсын қайтіп құбылмай қыр,
Шымырлап тереңінен суырмай жыр.
Керілер көзін ашып кербез дала,
Оянған ұйқысынан сұлудай бір.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері