Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа,
Қайталап бір ағысты бір ағысың.
Төккендей күміс теңге тас-табаққа,
Толқының паш етеді бұла күшін.
Көшіп жүр көк күмбездің бұлты жайлап,
Кім білсін, ол да өзінше толғана ма.
Сабырсыз әлсін-әлсін сілкіп ойнап,
Бұрымынан тартады жел, жағаға.
Маңайды ұйықтатпай түнгі әніңмен,
Мылқауды да жібердің ақын етіп.
Базар өмір алдаған думанымен,
Дәл өзіңше із салмай жатыр өтіп.
Сылдырыңнан ділмарлық сезінемін,
Сезіміме сан түрлі сыр ұқтырған.
Туған жердің сен титтей көзі ме едің,
Шараңа барлық әлем тұнып тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері