Шығайық қырға – Медеу Демеу

Бұл бетте «Шығайық қырға» атты Медеу Демеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 5747
Шығайық қырға, түсіріп еске өткенді,
Күдікшіл көңіл жапырақ сынды көк теңбіл.
Кетейік алыс мойынға орап сағымды,
Айталық біраз сырларды ұмыт кеткен бір.

Шығайық қырға, күзеткен үйді пендеміз,
Өмірге мынау қозғалыс үшін келгенбіз.
Даланың жырын, ауасын аспан сіміріп,
Бір жасап қалсын бақытқа құштар кеудеміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері