Сынып жетекші – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Сынып жетекші» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.05.2016
  • 0
  • 1
  • 25516
Шәкірт әр кез бағамдар,
Ұлағатын ұғып мың.
Ата-анаңдай алаңдар
Жетекшісі сыныптың.

Ақылымен қыр астым,
Еңбегі анық білінді.
Намысы үшін кластың
Бізбен бірге жүгірді.

Соны бойға мұра ғып,
Тәрбиеге иландық.
Сізбен бірге қуанып,
Сәтсіздікке қиналдық.

Қиындыққа бол дайын,
Дейсіз жолға қосар да.
Еңбегіңіз әрдайым
Жана берсін қашанда.


Пікірлер (1)

Каусар

Бул оте тамаша такпактар мен унеми
Осы жактан аламын

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері