Міржақыптың қайтарған жауабы – Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Міржақыптың қайтарған жауабы» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.10.2016
  • 0
  • 2
  • 5576
Көке аға, осы күнде мен жаспын ғой,
Жай-күйіңді біле алмай адастым ғой.
Көп жылдар мешеу қалған халық үшін,
Алаш деп, бәлшебек деп таластым ғой.

Ал, Көке, жазған сөзді кешіріңіз,
Жариялатпай қатесін өшіріңіз.
Жаңа заң, жаңа үкімет түсініпсіз,
Аяқты ұзын көлбеп көшіріңіз.

Халел мен Ахаңдарға жоқ айтыңыз,
Аз емес, білгеніңді көп айтыңыз.
Жолына бәлшебектің түсіндім деп,
Халықтың тілектесін молайттыңыз.


Пікірлер (2)

Бекасыл

Өте жақсы күшті мен келісемән

Сара

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері