Жалғыздық – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Жалғыздық» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тірлікте қадірің де,күйін де бар,
Болса егер бала дана,ақылды жар.
Ағайының құрметтеп тұрған шақта,
Жыртылса ар-намысың қиын болар.

Тамақ тоқ, заман тыныш,киім де бар,
Үй толы қымбат жиһаз бұйым да бар.
Жарасы екі дүниеде жазылмайтын,
Ұрпақсыз өткен өмір қиын болар.

Кей-кезде айналдырып соғар құйын,
Естісең ызғарлы сөз,тоңар миың.
Жалғыздық жарасқан ғой бір Аллаға ,
Пендеге жалғыздықтан не бар қиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері