Жас ұстаз сөзі – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Жас ұстаз сөзі» атты Ғабиден Қожахмет жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 20.12.2016
  • 0
  • 2
  • 19148
Білімнің гүлін біз
Жинадық таңдарда.
Қол создық бүгін біз
Ұстаздық арманға.

Алау от жағамыз
Шәкірттік көңілге.
Қанатты қағамыз
Ұстаз боп өмірге.

Көрінер қиядан
Арман жол жалғайды.
Міне, асыл ұядан
Жас ұстаз самғайды.

Келешек өседі,
Ойлаймыз Отанды.
Шәкірт ек кешегі,
Міне, ұстаз атандық.

Сенеміз бүгіннен -
Аламыз асқарды.
Ұстаздық біліммен
Ертеңім басталды.

Арманның көгімнен
Желкені түзелді.
Есейдік біліммен,
Ұстазбыз біз енді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Орынбасар Арайлым

Керемет өлең маған ұнайды❤

Риана

Өте әдемі маған ұнады

Осы автордың басқа өлеңдері