"Алтын миллиард" пен "Төменгі миллиард"
Жер-жаһанды жаратты Хақ Тағала!
Әсем қылды мұхитты, құрлықты да.
Жерді, көлді, тіпті шөлді бар ма адамзат
Шүкір қылып, жақын көрген, сырын ұға?
Зейін салып қарайық маң, маңайға,
Қарап, талдап көрейік бір жайды да.
Тереңге сыр тарта кеткен өткір құрдың,
Білейік, астарлары жатыр қайда?!
Дейді екен кей елдерді "Алтын миллиард",
Жай байқап, мұхит шектеп жатқанына.
Шынында, бар себебі осы ма екен,
Балағанның елді "алтын миллиардтарға"?
Қалт айтпайды емес пе халық дана?!
Теңеудің өз мәні бар миллиардқа да.
Ақ ұлпадай қонады ұйыла ақша
Келгендермен тамсана, сыр мұхитқа.
Мұхит, шіркін өзі де - бір қазына,
Береді көп қауымға ол да пайда.
Қазбаларын сан қилы, тасын да өңдеп,
Мемлекеттер кенелер мол байлыққа.
Тасымалдайды кейбірін өзге аймаққа
Мұхит суы арқылы аз бағада.
Мұның өзі едәуір әсер етер
Пайдасына елдердің жылдық, дара.
Байланысын нығайтар ел өзара,
Татулықты қабылдап, құшақ жая.
Іске асырып әртүрлі жобаларды,
Достастығы жарасар, қайраттана.
Міне,осы дегенің "алтын миллиард",
Мемлекеттің орнығуы жайлы орында.
Жақсартатын еларалық байланысты,
Ілгерілей әлемдік нарыққа да.
Дейді екен енді бірін "Төменгі миллиард",
Мұхитқа шығар жолы болмасына.
Бола ма екен мемлекетті бөліп-жару,
Сатылап түрлі елді қарап орнына?
Иә, рас, мемлекетте бар қиындық,
Туындар тауарларды тасымалдауда.
Бәлкім болар кедергі дамытуда
Байланысты әр түрлі ел арасында.
Осы қылар "төменгі" кей елдерді...
Мәселе боп жекелей шықпаса да!
Дегенмен де "миллиард" санар бар тұсы да:
Байлығы табиғаттың сыйлығына.
Болмас үшін сатыға елді бөлу,
Әрбір адам табу керек жолды тура!
Бір-біріне қолдау менен тірек болып,
Бір ғана елдей гүлдейік, ажарлана!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі