Тілім-қазақ – Akniettazhikhanova

Бұл бетте «Тілім-қазақ» атты Akniettazhikhanova жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Жүректегі жеткізетін жырымды,
Тілім - қазақ, ұшқын атқан жалыны.
Ақтаратын өлеңім мен сырымды,
Тілім - қазақ, түркілердің сарыны.

Пейіліндей қазағымның кеңдігі,
Тілім - қазақ, ата-бабам мұрасы.
Заңғарларға қарыштайын ендігі,
Тілім - қазақ, баққа кеткен ұласып.

Төрткүл әлем таңдай қағар тамсана,
Тілім - қазақ, әрбір сөзі әдемі.
Сынағы көп жолдан өткен қаншама,
Тілім - қазақ, сақталған сан әдебі.

Қазақ тілін мойындатар жаһанға,
Сен екеуміз - бейбіт өмір баласы.
Ана тілді ғажап тіл де, бас алға,
Нұрлы жол бар біз жүретін, қарашы!

«Қазақ тілін құдірет деп саралау»
Деген сөзде мағына бар қаншама?
Міндетіміз - ана тілді бағалау,
Жер бетінде соңғы қазақ қалғанша!..


Пікірлер (1)

Айдана тансизбай

Авторы кім

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілім-қазақ өлеңінің авторы кім?

Akniettazhikhanova — осы өлеңнің авторы.

Тілім-қазақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілім-қазақ өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тілім-қазақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар