Өлең, жыр, ақындар

Əлемде балалар жыламасын (Сириялық, Палестиналық, Мьянмалық(Бирма) балаларға арналған)

Басқаларға жамандық жасадым ба?
Халім неге өзгерді қас қағымда.
Бейбіт заман төрінде өмір сүріп,
Мақұрым қалдым ата анадан да.
Туған да жазылды ма тағдырыма,
Өмірдің көндім суық салқынына.
Өткінші өмірімде Күнəһар боп,
Алланың түстім бе əлде қаһарына?
Сағындым балалықты сəби сəтті,
Даланың қызығымен арпалысқан.
Ауызымнан анамның сүті кеппей,
Өмір үшін өліммен жанталасқам.
Қиын екен бірақта қиын екен,
Аман шығу қаладан бомбалатқан.
Бізге сонша кесірі тиетіндей,
Кім екен адамзатты шатыстырған.
Жиһад жасап жүрмін деп Алла үшін,
Бір сəтте кеп орнатқан ақырзаман.
Адамдардың ақылы таяз ба еді?
Біз секілді бүлдіршін ақылынан.
Террористер сұраса соғыс сұмдық,
Біз сұраймыз тыныштық Жаратқаннан.
Бізге бейбіт өмірден сыйлай көрші,
АЛЛАМ менің əр-Уасиғ əр-Рахман.
Иманнан сепші сана оларға да,
Тайдырма адамзатты ақ жолыңнан.
Бізге олар көрсеткен шарасыздық,
Сен де оларға көрсетші қаһарыңнан.
Емін еркін ұшатын құс едім мен
Əттең қырқып тастады қанатымнан.
Аян емес біздерге алда не тұр?
Көреміз əлі қанша сұрапылдан.
Балалықтың бал дəмін татпай жатып,
Жетімдіктің буы алды алқымымнан.
Ая дедік ағатай ая дедік,
Сеніңде бар шығар деп бала шағаң.
Бұғау салып еркіндікті елес еткен,
Алғаш қарғыс жаудырдық біздер саған.
Суық қару асынып келгеніңде,
Қадамыңнан қорқамыз адымдаған.
Сенің көзің көргенмен айналаны,
Көкірегіңді шел басыпты надандықтан.
Харам жолға бет бұрыпсың ағатай,
Ілім алып Ібіліс салған жолдан.
Сендерден көрдім асқан айуандықты,
Өмірдің өзеніне тұншықтырған.
Адасқандар айырды соғыс ашып,
Тəңір берген азаттық абыройдан.
Қуыршақты айырбастап тағамға,
Шүкіршілік етпедім бе сол барға.
Террористің бар ісіне куə боп,
Жүрегіме түсті менің сұм жара.
Отбасымнан көз тайдырып қалтырап,
Тастап кеттім өлім деген аңғарға.
Зұлымдардың сойқанына ұшырап,
Қу тіземді құшақтадым жағада.
Қара сумен тілім нанға зар болған,
Жетімектің күні құрсын жалғанда.
Маған қарап жылады мың атырап,
Місіркейтін күйге түсіп қалғанда.
Мейірімін төгіп пана болатындай,
Сүймейді жетімдерді бұл қоғамда.
Қыл көпірдің тəлкегіне кез болып,
Жыламасын əлемдегі еш бала.
Мьянма мен Сирияға жəрдем етші
Көрсетпеші қыяметті балаға.
Мұсылман бауырларға сабыр берші
Құдіреті шексіз Алла Тағала.
Менің үшін,менің үшін,менің үшін жеткілікті бір нəрсе,
Сəбилерге махаббаттан төкші Алла!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жерге сағыныш...

  • 0
  • 0

Туған жер таныс өлке,таныс аймақ,
Сендегі бар тіршілік жатыр қайнап.
Алыс жерден келгенде сағым қуып,
Келбетіңе көз салам тұрар жайнап

Толық

Мендегі өлең...

  • 0
  • 0

Талақ беріп қара сөзді тастасам,
Тақымымды қыса алмаспын ешқашан.
Кітап оқып сөз байлығым шектелмей,
Шабытыма жол ашады алды аспан.

Толық

Таситын əлі толқынмын!

  • 0
  • 0

Шалқар көл маған қарайды
Өңменімнен өтіп кеп
Өтірік мені алдайды
Толқынын қадап төңірек

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер