Мұғалімнің өзін сайыста таныстыруы – Шаттық Мырзабековна

Бұл бетте «Мұғалімнің өзін сайыста таныстыруы» атты Шаттық Мырзабековна жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

«Кәсіби педогог – 2018» мұғалімдер арасында ұйымдастырылған аудандық сайысқа №1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі Даулетбекова Шаттықтың жазған және оқыған таныстырылымы.
Өзімді таныстыру.

Мен, Шаттықпын, тек жүретін шаттанып
Ұстазбын деп айта аламын мақтанып
Өзгелермен тереземде тең болар
Қалмағанмен жыр жолдарым жатталып
Келісемін үлкендердің сөзімен
Жүріп келем солар салған ізбенен
Талай шәкірт ұшырғанмын бұл күнде
Бала жанын ұғынамын көзінен
Қатысқанмын сайыс, жарыс, сындарға
Жасыратын сірә менде сыр барма?
Алғыс хаттар, дипломдар, мақтаулар
Көз алдыңнан өтіп жатыр, сын бар ма?
Менде оқыдым деңгейліктің соңғысын
Сабағыма пайдаланам сол шын
Жаңартылған оқуды да тауыстым
Мүмкін олда болмас маған соңғы шың
СТО – ны меңгерттім оқушыма
Меңгермеген оқушы – оқушыма?
Меңгергені соншалық СТО – ны
Өлең жазып кеткені оқушыда
Оқушымды бәйгеге икемдеймін
Шығармашыл болсын деп жетелеймін
Ауданнан жүлде алған соң шәкірттерім
Бағындыр деп биікті жетеледім
Зейнет жасын ұзартты елбасымыз
Жасты қойшы, аман болсын басымыз
Елу деген ердің жасы емеспе?
Алпыс үште секеңдейді – ау кәрі қыз
Немере жоқ, жиен жоқ, әлі таспын
Қыз бен ұлға қожамын өзім баспын
Олар мені ойлап жүр екеу болмай
Сондықтанда, қыздар – ау, әлі жаспын
Меңгердім ғаламторда желілерді
Желідегі достардан сені көрдім
Байқасам интернеттік сайыстарды
Оқушыма қатыс деп желік бердім
Мінекей, интернеттік жобалардан
Көз сүзіп ешкімненде сұрап алмаң
Жұмысты білдіртпей – ақ жібере сап
Қанжығама алғыс хаттар байлап алғам
Заман бізді осылай үйретеді
Жамандықтан лайым жирентеді
Түлеп ұшқан шәкірттерім ұстаз боп
Тек мені емес, елімді де сүйсінтеді
Ал, достарым, өзіңмен сайыс дайын
Кездесеміз сендермен сайыс сайын
Таныс аймақ, таныс маң деп жырлаған
Мұқағали білесің өз ағайың
Таныс адам, таныс жер деп жырладым
Іске сәт деп сәлемімді жолдадым
Танисыңдар сіз мені, мен сіздерді
Таныстыру рәсімін мен созбадым


Пікірлер (2)

Гульназ

неткен керемет таныстыру7

Гулдана

Оте керемет екен!!!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұғалімнің өзін сайыста таныстыруы өлеңінің авторы кім?

Шаттық Мырзабековна — осы өлеңнің авторы.

Мұғалімнің өзін сайыста таныстыруы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұғалімнің өзін сайыста таныстыруы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шаттық Мырзабековна өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұғалімнің өзін сайыста таныстыруы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар