Мұң – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Мұң» атты Марфуға Айтқожина жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3040
Келмесем де мұңайғым,
Оралар еске сол шақтар.
Үйрілген күлкі, түн, айдын,
Көзден ұшқан моншақтар.
Келмесем де жабыққым,
Зулайды күндер ағады.
Жастық сырын жаңа ұқтым,
Тынбай қанат қағады.
Келмесе де жүдегім,
Күңкілден көңіл қалады.
Ауырып кейде жүрегім,
Ойларға небір салады...
Жаным менің желге ғашық,
Омырауды терлеп ашып.
Самалың боп соғармын мен,
Жүрсем егер жерді басып.
Жаным менің күнге ғашық,
Жүрмеу үшін түнде адасып.
Маған ғана қараймын деп,
Нұр толтырды-ау бір қарашық.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері