Ұсул – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ұсул» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1622
Біле тұрып мол сиқырын ұсулдың,
Аяулы жан, неге сонша қысылдың.
Бұратылған биің менен ақынға,
Ұйғырымның сый-құрметін ұсындың.
Әлде сыйын, әлде гүлін ұсындың,
Ұсулыңнан шеберлікті түсіндім.
Еркелеген назды биің, арқылы,
Назыгумды тағы да еске түсірдің.
Асыл арман, аруды еске түсірдің,
Махаббаттың тәңіріне кішірдім.
Алып ұшқан арман құсын жанымның,
Тағы да алыс ақша бұлттай ұшырдың.
Махаббаттың сезбеді екен күшін кім,
Ләззатына тояр ма жан құшудың.
Құдіретін асау, майда ұсулдың,
Тебірене, тереңірек түсіндім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері