Шыңдағы бұлақ

Бұл бетте «Шыңдағы бұлақ» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2055
Жақпар тас, жасыл орман, қарлы тауым,
Серігі долы дауыл, мәңгі жауын.
Серпілсе көк көбесі жалын атып,
Сүйемін жәйдің шынды аймалауын.
Шығам деп ұмтылсам да құздарына,
Жисам да қайратымды қыз жаныма.
Тәкаппар тау именіп селт етпеді,
Төзбедім мұздарына, ызғарына.
Мен талай көргем сонан мөлдір бұлақ,
Жас өмір бір секіріп, бір құлдырап.
Алысқа асығатын атой салып,
Жеңімпаз елемейді шыңды бірақ...
...ГЕ
Уа, досым, ақын жігіт сен бе едің,
Атынды білгенше анық сенбеп едім.
Өзіңмен бір тербеліп жыр кемеде,
Бағына жастық шақтың енбек едім.
Зор мақсат бізді алып қолтығына,
Араластық өмірдің толқынына.
Ұшырды көңіл құсын ортақ арман,
Үміттің ой аспаған өр шыңына.
Көңілді бірде күз алған,
Көлгірсіп жалған күле алман.
Қырандай кейде бұлдырап,
Жеткізбей алыс жүр арман.
Көңілді қоңыр күз десем,
Жазбенен талай жүздесем.
Өзіңнің ғана күлкің ғой,
Сарылып ұдай іздесем.
Ақынның жаны қыс кейде,
Қыс күні шуақ түспей ме,
Бұл өмір ұдай бал емес,
Ащыны адам ішпей ме.
Көктем ғой көңіл жайнаған,
Гүлдерін кейде жаймаған.
Тірліктің өзі махаббат,
Өлгенше адам тоймаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңдағы бұлақ өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Шыңдағы бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыңдағы бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыңдағы бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері