Бүгінгі заман – Бағлан Ерғали

Бұл бетте «Бүгінгі заман» атты Бағлан Ерғали жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бүгінгі заман тар заман,
Ынтымаққа зар заман.
Қазаққа қазақ жау болып,
Береке кеткен дау заман.

Өнер білім іздемей,
Ғылымнан қашқан жау заман.
Адамдықты ұмытып,
Надан да болған зар заман.

Қазақты қазақ менсінбей,
Жағдайын ойлап күрсінбей.
Менменсінген қазағым,
Надандықта жүрсің бе ей?

Жетеді осы жүрісің,
Қазағым сен ірісің.
Ойшылдардың шыңына,
Шыққандардың бірісің.


Пікірлер (3)

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Камар Аманжолова

Оте дурыс жазылган

Aizhan201075

Шындығы бар, шыңы бар.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері