Өлең және Пенде!
Күлемін өлеңім мұң көрмес үшін
Өлең ғой сарқылмайтын,сөнбес күшім.
Аллама жатсам,тұрсам дұға етемін
Өлеңім жат қолында өлмес үшін
Ей,өлең мен барымды сарп етемін
Төбеңе қара бұлттар төнбес үшін.
Дәл қазір жастықпенен шалқып жүрміз
Барымыз ішке сыймай,артып жүрміз
Теңіздің тереңдігі ұмыт қалып
Әзірге су бетінде қалқып жүрміз.
Өмірдің қатылығын сезінбестен
Болаттай шоқ үстінде балқып жүрміз.
Мейілнше әрбіріміз өсіп жүрміз
Жүйрік боп смал желдей есіп жүрміз
Өмір мен сағат тілі кері кетіп
Біртіндеп өсіп емес өшіп жүрміз
Өмірде суда қалқып жүрсек дағы
Негізі балшық суды кешіп жүрміз.
Толқынмен мың шайқалып тасып жүрміз
Бір қуып,бірде өзгеден қашып жүрміз
Бақыт пен бақ орнына байлық жиып
Біріміз бірімізден асып жүрміз.
Жалынның кей тұстарын елеместен
Отпен ойнап қызыл шоқ басып жүрміз.
Бұлақ деп көк теңізде шөгіп жүрміз
Барынша жанардан нұр төгіп жүрміз
Адам боп аяқ басып жер бетінде
Білмейміз не бітіріп не ғып жүрміз
Алтындай жастық шақты қолымызбен
Өткеннің еншісіне беріп жүрміз.
Іздесекһ шынайы дос таба алмаймыз
Бірлесіп бір ошақты жаға алмаймыз
Кішіге оң тәрбие бермес түгіл,
Өзіміз үлгі-өнеге ала-алмаймыз
Өрісіміз кеңейді десек дағы
Тарылып бара жатқан аралдаймыз.
Қиялда бар ісіміз оңып тұрғой
Тіршілік бос қиялдан өніп тұрғой
Қызықтан шеттен қарап жауыз дүние
Масадай қанымызды сорып тұрғой
Жүзіңді бетпердемен жасырғанмен
Төбеде Алла бәрін көріп тұрғой.
Жаманды неге ғана жеңе алмаймыз
Осыны біле тұра неге алдаймыз?
Өтірікке риясыз сенемізде,
Неліктен ақиқатты көре алмаймыз?
Себебі,біз теңізден ауып кетіп
Толқынның ағысына ере алмаймыз.
Дейтұғын жан болайық , «кешіріңіз»
Аңдамай тисе дағы кесіріңіз
Алдымен адамдықты үйренейік
Сау болмақ сонда ғана бесігіміз
Ішіміз алтын болса қалады ғой
Аланның жүрегінде есігіміз!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі