Ақпа жұлдыз
Қиялымда «ақпа жұлдыз» пайда болған,
Жанымнан,нәр алады, тамып тұрған.
Баурады бөтен әлем бас айналып,
Бұл қиял ажалына қадам басқан.
Қиялым теңеспеді «заңдылықпен»,
Өтпеді ақиқаттың сүзбесінен.
Жоқ болды, жарқ-жарққ етіп, үш секунд,
Соңғы рет, үмітімнің күмбезінен.
Қауіпті ауыстырды қателігім,
Қараңғы түнек басқан әз жүрегім.
Сонымен,бұл қиялдан бас айналып,
Кетпейді кір күйесі, сыбыр күннің.
Қап әттең, тағдыр нашар ұстаз екен,
Ал адам, «қорқақ» ашық сөйлесуден.
Көтерген қағаз бәрін болсын ауыр,
Сыр шертем, келмесе деп уайым іштен.
Ағысы жан аямас өмір өзен,
«Ағыспен жүзеді тек балық өлген»
Құласаң,қарсы жүзіп тұншықсаң да,
Қалыспа, «толқыныңнан» саған берген.
Алайда, өмір алдап аяқ шала,
Былапыт-шындық-тілек араласа.
Болмасын бұл өмірде қандай жағдай,
Түңілме, қарсы күрес, қапаланба!
Сен өзің ұлық мақсат қоя алдың ба?!
Қорықпай,батыл қадам баса алдың ба?!
Ештеңе оңайлықпен келмейді ғой,
Ең бастысы арманыңнан адаспа!
Жарқын күнге өзіңді еш аяма!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі