Корейская косметика премиум класса

Мұсылманға тілек

Жаңбырша құйып ақ өлең,
Селт еттің мынау даланы.
Сабындай қамшы қысқа өмір,
Селк еткізіп адамды.

Ажал деген бір сұм бар.
Аңдыйды əр қадамды.
Таңдамайды-ау, сен кімсің?!
Жақсыменен жаманды.

Тəңірдің бұл да бір сыйы,
Алдыңнан күтіп адамды.
Бай,кедей деп бөлмейді,
Дана мейлі сараңды.

Денеде бір шыбын жан,
Қарт бол мейлі балаңды.
Мұсылманның парызын,
Орындаған жан жарады.

Сұраққа алса бір Алла,
Домалаған қу басың,
Жерге төмен қарайды.
Бес уақыт намаз үзбесең,
Сонда ғана жарайды.
Нағыз мұсылман екен деп,
Сол пендесін санайды.

Бұйырта гөр бізге де,
Маңдайды тигізіп сəждеге.
Тілеймін бақытқа кенелші,
Нағыз мұсылмандық сізге де.







Қарап көріңіз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×