Жантық пен жантақ – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Жантық пен жантақ» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2580
Жайқалған егін түбінде
Жантық шөп өсті жасырын.
Сотқарлық түк жоқ түрінде
Момақан, жымсық пақырың.
Ұмтылмай биік кеудеге
Көлеңке жақты жақтады.
Көрінбей жатып жеуге де,
Жайлы орын болды тапқаны.
Отақшы келсе маңына,
Тікенін улы қадады,
Жоламай ешкім жанына,
Жан сақтап жантақ қалады.
Жиған нәр, алар кең демін,
Сорғызып арамтамаққа,
Селтиіп дәнсіз қалды егін,
Мәз болып сояу сабаққа,
Егіннен жантақ, Елдегі —
Тазармай Жантақ сұм - сұқтан,
Көркеймес көптің еңбегі,
Арамтамақ қырсықтан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері