Арғымақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3518
Тілімізді басқан кезде жар құлап,
Туды қоғам туған айдай балбырап.
«Қазақ тілі» – дөнен, құнан, тай емес,
Туғаннан-ақ тулап жүрген арғымақ!

Таразыға тартылғанда ар, мұрат,
Шыққан еді бір үмітке қарғып-ақ.
«Қазақ тілі» – он жастағы бала емес,
Ойшыл қоғам – он жастағы арғымақ.

Сол арғымақ тұяғынан от шашқан,
Ата сөзге, ана тілге тоқтасқан.
Қоржынына «Киіз кітап» салып ап,
Тілімізді тазартып жүр тот басқан.

Шаба бергін, шын тұлпарым, киелім,
Сенсің менің әркез арқа сүйерім.
Сол арғымақ тілін, ділін ардақтап,
Дүбірімен оятып жүр жиі елін!

* * *

«Асықпа» дейді ағалар маған,
Жас болып бәлкім қалғысы келіп.
Уақыт мені талай алдаған,
Үлесін көптеу алғысы келіп.

Қызулы күндер – сызылды күндер,
Күтіп те тұрмас от алдан.
Ал қара күзде үзілді гүлдер,
Бақытты қайта ете алман.

Жеткізбес жүрдек бұл өмір тегі,
Қорықсам дағы торықсам.
Бос болмасын тек жүрегім төрі,
Жақсы адамдармен жолықсам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арғымақ өлеңінің авторы кім?

Ахмет Кендірбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Арғымақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Арғымақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ахмет Кендірбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арғымақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері