Шөңге теру – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шөңге теру» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2411
Етік кию жоқ ойда,
Жалаң аяқ тоғайға
Жидек іздеп барып ем,
Жүргізбеді шоңайна.
Астымда атым-таяғым,
Қайттым ізбен баяғы.
Қолым теріп бүлдірген,
Шөңге терді аяғым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері