Сара апайдың Сапашы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сара апайдың Сапашы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2834
Ертеменен далаға
Ешкіні айдап тастайды,
Сосын Сапаш қалаған
Ойынын бір бастайды.
Айналадан, өңірден
Іздемей-ақ еш кісі,
Келеді өзі іңірде
Сара апайдың ешкісі.
Келгенменен ешкісі,
Келмейді үйге Сапашы.
Оны ойыннан кешкісін
Келеді айдап апасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері