Түн – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Түн» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 1
  • 5289
Құйып-құйып өткенде
Көшпелі душ бұлт деген,
Күндізгі аптап от демде
Түсе кетті кілт төмен.
Бар тозаңды иықтан
Басып қалды тамшылар.
Күліседі миықтан
Күзеттегі малшылар.
Қаққа түскен сондағы
Нұр сәулесі айыңның —
Қалқып жүрген судағы
Қабығындай қайыңның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

ШЫНГЫС

Рахмет

Осы автордың басқа өлеңдері