Ел үшін шыбын жанын қиған аға – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ел үшін шыбын жанын қиған аға» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3760
Ел үшін шыбын жанын қиған аға,
Біздерден күй қала ма,
Сый қала ма?!
Тұрамыз кең сарайда,
Ақ отауда,
Бірақ та бақыт деген үй ғана ма?!
Бұл күнде гүл жайнаған бақша мекен.
Жыр қуып мен өмірден шапшаң өтем.
Аламыз уыс-уыс еңбекақы,
Бірақ та бақыт деген ақша ма екен?!
Қажиды өмір жайлы ойдан ана.
Сөйлеуді тірлік жайлы қой данаға.
Тойлаймыз ертелі-кеш дүрілдетіп,
Бірақ та бақыт деген той ғана ма?!
Жақсылық!
Бұл өмірде жыр жоқ ондай!
Соны бір шашар ма еді мырза қолдай!
Әйтеуір өзгеге де,
Өзіме де
Қойды ғой мына көңіл ырза болмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ел үшін шыбын жанын қиған аға өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ел үшін шыбын жанын қиған аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ел үшін шыбын жанын қиған аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ел үшін шыбын жанын қиған аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері