Тәуелсіздік жаршысы
Ұрпағымын елімнің,
Еңсесі биік жерімнің.
Тәуелсіздік жаршысы.
Еркесімін елімнің.
Ұрпағымын елімнің,
Еңсесі биік жерімнің.
Тәуелсіздік жаршысы.
Еркесімін елімнің.
Мама базарда, кілт үстелде, қасында тамақ толы ыдыс. Ертең демалыс, жасың сегізде, келесі айда толады тоғыз. Келесі айда тоғыз, сағат он жарым. Аспан жеңіл де жұмсақ. Перделердің арасына жасырынған Кү...
Толық оқу
Мен туыппын қыстың қырлы ызғарында,
Өлеңіммен бейнелеп сызғаным ба ?
Көркем мінез негізі болса керек ,
Қыс айында туылған қыздарында .
Сен неге жалқаулыққа еріп кеттің?
Жеп-жеңіл ой санаңды беріп кеттің .
Қайда қалды сонда сенің армандарың?
Əттеген-ай , оны да бір теуіп кеттің.
Мен космосқа баруды армандаймын !
Ой - санама тылсым күшті алғандаймын ,
Армандасам білмеймін не істерімді ,
Жалғыз өзім тыныштықта қалғандаймын.
Көңілім қара бұлттай мұңайды ,
Ой санам тыныштықты сұрайды .
Жүрегім əрі бері езіліп ,
Көздерім қайта -қайта жылайды .
Ізгі жолда ерен еңбек атқарған,
Үйретумен өмірдің ақ-қарасын.
Шәкіртке ойын сабырлықпен ақтарған,
Таппаймыз біз ұстаздың бақталасын.
Айтарлықтай қайдан болсын бізде сыр
Қызғаныш бар жанарыңды торласа
Бәрін өртеп жіберер ем бір сәтте
Өзім күйіп қалатыным болмаса
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Көзіме бүгін жас келіп тұр, халайық,
Әрбір істі зердеге алып қарайық.
Тәуелсіздік жолына жан пида еткен,
Ерлерімізді есімізге алайық.
Өзіңді өзгеге мен қия алмаймын.
Өзгені өзіңдей мен сүйе алмаймын.
Бір минутта жүрегім қанша соқса,
Бір күнде соншама рет сені ойлаймын.
Ақтөбемнің қойнауы қазынаға бай,
Көп көрмесін бірақта мұны Құдай.
Табаныммен жеріңді басып жүріп,
Өзіңе арнамаймын жырды қалай.
Киімі де, сөмкесі де көркем-ді,
Білім жолда арманы асқақ желкен-ді.
Мектебіне бара жатыр ұлтыңның
Әлиханы, Ахметі ертеңгі.
Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
Ақ төсекте ақ көрпеге оранып,
Ұйықтап кеттім тәтті түске бөленіп.
Әлде дала жатыр ма екен жаңарып,
Түсімде ылғи әппақ қарды көремін.
Қаз, қаз балам десіпті,
Күрмеуіңді шешіпті.
Ала жібін ешкімнің,
Аттама деп кесіпті.
Хромтау - ырысы мол кенішім,
Байлық пенен татулықтың елісің.
Сексен жылдық тарихы бар өндіріс,
Халқым менің көре берсін жемісін.
Тәуелсіздік басымызға бақ қонған,
Бабалардың еңбегі де ақталған.
Осы жолда құрбан болған қаншама
Батырларды ұмытпайық ешқашан.
Жоқтық деген немене – барлық делік,
Бақыт деген дүние ме – алдық бөліп.
Дүниедегі ең ұлы көрініс не?
Ол шідерін үзген ат қарғып келіп.
Мен қазақпын ұрпағымын көк бөрінің
Қазақтың өшпей өткен өткелі мың
Қазағым аспаныңды бұлт шалмасын
Жарқырап тұра берсін көкте күнің.
Тыныштық... Қою түн... Қараңғы,
Жаулайды сансыз ой санамды.
Түнекке беріліп кетемін,
Ойға алып көкжиек даламды.
Өткінші өмір,өткінші жаңбыр секілді,
Бүгін бақыт,ертең қайғы өтпелі.
Келмек барда,кетпек барын ұмытпа
Сол себепті бағала сен бес күнді.
Арқаның құрсағынан алып туған,
Тұлғалары отша лаулап жанып тұрған!
Бойында ұлттық рухтың оты маздап,
Алты алашқа ұл-қызын таныттырған.
Ақ көйлегін киіп ап,таңданады,
Ақ ұлпамен айнала нұр шашады.
Қыс мезгілі суықта,қаталда боп,
Жылы да боп,көңілге бал жағады.
Мен қазақтың жерінде туып-өскем,
Талай сынды басынан елім кешкен.
Сол зұлматтан аман қалған бүгінде,
Айдарынан қазағымның жел ескен.
Баяғы тарих парағын
Корольдік билік қаптаған
Неге жоқ қазір бұларың
Жауабы бір-ақ табылған
Бар әрбір жеткіншекте өздік арман,
Ол емес жақын достың аты аталған
Арман деген қиял, мақсат бірігуі,
Адамның болашағын жақындатқан.
Құрметсіз шыншыл тұлғаға
Табылар әр кез мәселе.
Өз ойын әсте қолдауға,
Батпайды, болар келеке.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі