Сұлу Көкше
Көк күмбез, көгілдір тау, көкте Көкше,
Көк тастан баспалдағы текше-текше.
Жаныңды жадыратқан саф ауасы,
Ерекше жер жаннаты Көкше емес пе?
Көк күмбез, көгілдір тау, көкте Көкше,
Көк тастан баспалдағы текше-текше.
Жаныңды жадыратқан саф ауасы,
Ерекше жер жаннаты Көкше емес пе?
Талаптың мініп жүйрігін,
Күндіз-түн тыным таппадым.
Мәпелеп сөздің сүйрігін,
Өсіріп оймен баптадым.
Ата-бабам дұшпанына бас имеген ,
Мен рухы биік қазақтың бал...
Мағжан менен Міржақыптай ұлдарың,
Ойлап өткен, ел-жұртыңның біл қамын,
Ізгілікті ел алдында дәріптеп
Жырға қосқан құлап салып тыңдағын.
Абай ата, мақтанамыз өзіңізбен,
Қазақ елін жырға қосқан сөзіңізбен.
Әрқашан да бас иеміз рухыңызға,
Бас ақыны қазақтың өзіңіз деп.
Қалам алып, өлең жазу ойымда
Бір қуат бар көрінбеген бойымда
Шабытым кеп, жыр жазуға бекіндім
Ұлы тұлға Абай атам жайында
Кешікті неге бүгін таң қылаңы?
Неліктен бозторғайдай зар қыламын.
Жан аға сен өлді деп естігенде,
Жүрегім парша-парша қан жылады.
Бұл өмірдің гүлдері ару қыздар,
Инабатты, ибалы, сұлусыздар.
Ата - анадан үлгі алған бала кезден,
Отбасыны сипаттар айнасыздар.
Көк туым бар секілденіп жиналғандай бар арман,
Айбынды ел аймағына рәміз болып таралған.
Тәуелсіздік сыйы болар қазағымның көк туы,
Әрқашанда биіктерде желбіреуге жаралған.
Айтқаныңыз болсын дедім,
Үндемейін.Үнсіз бе мұң?!
Сіз Жайықты жырлағанмен
Жүрек қоймас дүрсілдеуін.
Ей, бауырым есірткіге елікпе,
Оданша сен, жан-жағына елікте.
Жан-жағын, есірткі боп кетсе егер,
Қолданба сен , бостан-босқа ерікпе.
Биік таудың шыңында бір бәйтерек жайнайды,
Талай жанның арманына сол бәйтерек айналды.
Сол арманның жолында талай адам мерт болды,
Болашақ үшін күресіп бабаларға серт берді.
«Ұстазсыз жанда сөнбек күн
Шәкіртсіз өмір – сусыз жер
Көрінбес ғажап еңбектің
Бейнетін көріп жүрсіздер.
«Ақынды ақын оятпаса, болмайды»
Деген сөзің ой-санамды торлайды,
Қаламымнан сия тамып жатқанда
Бұл сөзіңіз талантымды шыңдайды.
Қай ақынның тыңдасаң жыр ғаламын,
Есітесін Арысын жырлағанын.
Шәмші әнінде қуаныш сезім болса,
Бүгінгі күн сүйретті мұң қаламын.
Тыныштық-бейбіт заманда,
Тақырып болып ғаламға.
Арыстың асыл жандары,
Бір күнде түсті сарсаңға.
Шалынып бүгін құрбандық,
Алланы және еске алдық.
Арқасында Алланың,
Бұл күнге де кеп қалдық.
Айтың келген құт болсын,
Басыңа бақыт құс қонсын.
Бойдақтарың жұп болсын,
Өсіп-өніп жұрт болсын.
Бес күндік мынау жалғанда,
Басыңа сынақ салғанда.
Сүрінбей өткен бір мақұл,
Жүректе иман болғанда.
Көңілің пәс қабағында мұң басым,
Жас балаша жаутаң қарап тұрасың.
Жүрек сыздап, жаныңды жеп барады.
Неге сонша уайымшыл боп барасың?
Құдайға сиынайын әуелiнде,
Аз қисса сөз жазайын қағазында.
Қалам алып Құдайға сиынайын,
Сөз тапса жазар шағым осы күнде.
Құтқарушы деген мамандық бар, білсеңіз,
Айтайын сіздерге, қонымды ой түйсеңіз.
Оларды санасыздарға теңейді, түсінбеген соң,
Құтқарушылардың ауыр жолын.... Сенбеңіз!
Соғыс! Соғыс! Сен кеткен қасіретті ең?
Табылар ма осынау қасіретке ем?
Жыр шумағын шашудайын шашып мен,
Ел қорғаған ерлерге тағзым етем.
Ейййй досым есіңдеме өткеніміз,
Сауық құрып, ән мен жыр төккеніміз.
Есіңдеме елеуреп есік жаққа.
Тығылып талай шылым шеккеніміз
Талпынып,білім шыңына оның шығам деп,
Сүйсініп тыңдап,ұстаздың сөзін ұғам деп.
Мен оқушы баласымын ұлы елімнің,
Тереңнен оқыр,біліммен мыңды жығам деп.
Қайран қаламын,сағаттар сонша жылжыды,
Жабыққан жанды жылытпақ емес күн нұры.
Таңғы шықтардай жапырақтан әлсін сілкінген,
Елеулі есім,естелік болды бұл күні.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі