Жақсы адам туралы ой
Жақсының төңірегі нұр болады,
Әр сөзі естен кетпес сыр болады.
Түйіндеп түйдек-түйдек сөз айтқанда,
Қиысқан қиқымы жоқ жыр болады.
Жақсының төңірегі нұр болады,
Әр сөзі естен кетпес сыр болады.
Түйіндеп түйдек-түйдек сөз айтқанда,
Қиысқан қиқымы жоқ жыр болады.
Құраған ақындардың жыры ағат па.
Ақтарған шындығымен сыры ағат па.
Қазақы қара сөзідің құны жоқ па,
Шаң басып жататындай мұрағатта
Жас көңілің ұялшақтау жасық тым..
Сен сонда да бір қадамға асықтың
Сен туралы мың ойлансам жазықтым,
Білемісің бір-ақ өлең жазыппын..
Бұлттардай алдамшы мамықтың
Өзіне алданып қамықтың
Сырласың мен болып сол күні,
Көзіңнен жас болып тамыппын
Қиындықты жеңе біл құламағың,
Бұл жалғанда күле жүр жыламағың.
Аллаһтың берген күні құбылмалы,
Өзгереді тағдырың да сынамалы.
Бақыттан басым бір айналды,
Не себеп? Неліктен? Белгісіз.
Көңілім гүлдей боп жайнады,
Бір шаттық кернейді сенгісіз.
Қалың ойдан ба,әлде қолымдағы қаламнан ба?!
Білмедім,әйтеуір жүрегіме келді өлең.
Әдеппенен қазағыма сәлем бердім,Алты Алашым аман ба?
Талайдан бері көмейдегі жыр-жауhарын төкпем ем.
Әкешім асқар тауым, мұнарымсың,
Жігер берер көңілге шынарымсың.
Өмірдің не бір қилы сынағына,
Балаң үшін әр кезде де шыдағансың.
Білмеген екем,
жүректің тірідей өлетінін
Жалындап тұрып,
жалп етіп, мәңгі сөнетінін...
Төбемдегі жарқыраған күнім едің,
Айы жарық,жұлдызы жарқын түнім едің.
Еске алып,атажаным ойлап сені,
Жүрегімде жыр жазылды бүгін менің.
Бізде бүгін қуаныш,бізде бүгін тойдағы,
Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады.
Жан ағам,сендегі бар баққыттың ақ нөсер боп төгерін,
Сезе алды жырға лайық қарындастық әлемім.
Тәуелсіздік - азаттығы қазағымның,
Тәуелсіздік қашанда ғажап ұғым,
Бізге оңай келген жоқ егемендік.
Сондықтан да қастерлей білуді ұғын.
Бірлігі айрандай ұйып тұрған ел едік,
Алқымынан жау алмайтын бөрі едік.
Қазақтың жеріне ат сауғалаған мейманға,
Құлашын сермеп,кең жайылған төр едік.
Қанатым болса аққудай,
Тұра алмаймын бақ қумай.
Бір көлден орын тебемін,
Жалғыздық жеген сатқындай.
Таң. Өзен жағасы. Қызыл арай.
Жағалап жүгіремін саған қарай.
Ақша бұлт, қызыл түсті күн сәулесі.
Шағала қиқулықтап жарысады-ай.
Қайран менің Қарғалым,
Құлазыпты жан-жағың.
Жайлауыңа сән берген,
Қайда кеткен малдарың.
Ауыл – алтын бесігім,
Қойылған алғаш есімім.
Көргенімді сөз етсем,
Айтындаршы несі мін.
Тіл арқылы өтелер,
Рухани қажетің.
Өнеге алар өзіңе,
«Тыңдамасаң сөз жетім».
Туған жер, өскен орта, ата мекен,
Тым ыстық көрінеді ала бөтен.
Тосын мен Бесқопаның табиғаты,
Құдайдың бізге берген таланы екен.
Арқау болар сөзіме,
Бөлер шаттық сезімге.
Елестейді қырандай,
Торғай менің көзіме.
Тараған шартарапқа даңқы ұдай,
Танымал тұлғалары туған Торғай.
Аманкелді, Кейкілер жасақ жинап,
Басынған дұшпандарын қуған Торғай.
Бас имедің өмір жолы саған қиын болса да,
Бір пайдамды қыламын деп жәбір көрдің қаншама,
Армандадың өз еліңді тәуелсіз ел етуге:
-Мынау жәбір көрген халық созылады қаншаға?!
Өмірмен қош айтысу қиын жағдай,
Бойынды ауырлатып батар жанғай.
Әмірхан бірге өскен досым едің,
Сабырлы, қарапайым тілің балдай.
Алаш ұлы ақиқатқа сөз берген,
Қуаныш пен қиындықты көз көрген.
Жүрегім дүрс соғады, дүрс соғады,
Ойланамын бұл қоғамды өзгерген.
Дүниеге келеміз ғой пәк болып,
Күнәға бату адамгершілікке жат қылық.
Жақсы жаққа өзгерейік бауырлар,
Жаман қасиетті тастайықшы лақтырып.
Аллам сені жаратқандай кеңінен,
Айналамын текті ұрпақ тегінен.
Азатты күн келді қиын азаппен,
Ызғарланған желтоқсанның лебімен.
Өмір деген
Өмір деген ағын су
Сол ағында өзгелермен жарысу
Өзгермейтін заңы шығар өмірдің
Ашық аспаның түнерді.
Халің сенің өзгерді.
Оян,енді қазағым,
Оянатын кез келді.
Келді жеңіс,үміттерде ақталды,
Далам,қырым,гүлге толды бақтарда.
Соғыс жайын бүгін біздер білеміз,
Архивтер бар музейлерде сақтаулы.
Қазақстан-туған елім,байтақ өлкем,
Жайқалған,туып-өскен Отаным!
Табиғатың,мөлдір суың қандай көркем
Әуелетіп,атыңды әнге қосамын
Сұм заманнан өшкенімді жандырған,
Тарихтан көп мұраны қалдырған.
Тілім менің мәңгі өшпейтін қазынам,
Азат елдің ақ қамалын салдырған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі