Бал күндерім!
Бал күндерді,балалықты үзіп-ап,
Кетті өмір,елеместен зымырап.
Сағындым қуанышты кездерімді
Құлағанды, жылағанды мамалап.
Бал күндерді,балалықты үзіп-ап,
Кетті өмір,елеместен зымырап.
Сағындым қуанышты кездерімді
Құлағанды, жылағанды мамалап.
Иманыңды жоғалтпағың.мұсылманым!
Қиын кезде көмек сұра, қасыңдамын!
Алла берген сынақта шыдамды бол,
Өмір сүру қиын демей, таусылмағың!
Бір тәулік «станциясын тыныштықтың»
Басқардым,
Телефоннан дыбыс күттім.
Бір тәулік шаршадым мен,
Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,
Мектептің бақшасы,
Әсемдік мекені.
Кездескен әрбір жан,
Гүл теріп кетеді.
Өтсе де қанша жыл,
Тәртіпті сақтайды.
Ешқашан адамдар,
Аққуды атпайды.
Мөлдіреген көзіңнен,
Айналайын ақ бөпем.
Балдай тәтті сөзіңнен,
Толғанайын ақ бөпем.
Тіршіліктің танылғандай дастаны,
Ар жолына ашылғандай аспаны,
Әкесіне келіп бірде баласы
Былай деп сөз бастады:
Анашым, менің анам,
Қымбатсың сен маған,
Тіліңді мен алам,
Ұқыпты да болам
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа біз баламыз.
Табиғатты қорғайық,
Ағаш талды жұлмайық.
Мен сені сағынған да
Еске аламын ,кірпіктерім қағылғанда
Бетіңнен бір сүйемін,
Таңертең қоңырау соғылғанда
Өзіңді оят!
Жүре бермей түңіліп,
Күдіктеніп, қорқып, ылғи кідіріп.
Тұтансын сенде жалын беретін жүрекке,
Бақыттың бағын белгісіз болып табары,
Аңсаған жүрек ағысын іздеп барады.
Ұната тұрып, сезімі іште тұншығар,
Қыз сезім ғажап шынайы сүйе алады.
Бөктеріне орнаған,
Тарбағатай тауының.
Менің атамекенім-
Ақсуатым ауылым.
Дүниеге қайта келмес дара жандар
Жаныңа дара тұтқан туған халқың.
Өсиеттері санаңа азық болар,
Өлеңдері жырлайды өмір салтын.
Наурыз – думан, Наурыз – жыр көктем,
Көңілде шаттық шуағын төккен нұр көктем.
Ұлы күнде береке, бақ, ырыс қонған,
Ұлыстың ұлы күнгі - Наурыз көктем.
Наурыз - әр ұлтқа ортақ мереке
Наурыз – әр ұлтқа бар береке
Көже, сүті, айраны бар, мінеки.
Келіп жетті көптен күткен мереке.
Мен жаужүрек қазақтың баласымын
Ханы болған ертеден даласының,
Өз ұлының жеңілгенін қаласын кім?
Туған жерден қалмақтарды қуып шыққан,
Сұрапыл соғыс бұзды да
Тыныштық бейбіт ақ таңды.
Қожабақының төрінен
Азамат жауға аттанды.
Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп,
Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.
Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.
Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса, құйсын!
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.
Қанатын керіп, ағылып белден,
Әуелеп ұшқан жоғары.
Мекенін аңсап, сағынып келген,
Бірақ та құстар жоқ әлі.
Айнымас қасиетін мәңгі сақтап,
Келеді бар әлемді таң құшақтап.
Сәулелі сұлу күннің саусағынан
Шашылып жер бетіне алғыс әппақ.
Етек-жеңі жиылмай,
Жатып алды кыс мынау.
Көңіл күй де – бұйырмай,
Қоңыр күйге түстім-ау.
Көнеріп күз де кетті,
Көне қыс бізге жетті.
Көл жатыр көз ұшында,
Көрпе ғып мұз желекті.
Отаным, туған жерім – Қазақстан,
Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.
Бүгінде ұландарың еркін күліп,
Көгіңде қырандарың азат ұшқан.
Бақ күткен екеу бүгiнде дағы, кеше де,
Махаббат көлiн қос ғашық болып жүздi бiр.
Ата мен ана бала ғой әлi десе де,
Гүл атты бүгiн қыз ғұмыр.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі