Өмір, өмір
Өмір, өмір... пианино секілді..
Ақ пен қара алмасып кіл жататын.
Қуанғанда көңіл шат боп, ағарып,
Қайғырғанда қара жолақ басасың...
Өмір, өмір... пианино секілді..
Ақ пен қара алмасып кіл жататын.
Қуанғанда көңіл шат боп, ағарып,
Қайғырғанда қара жолақ басасың...
Армандаған қызық қой
Арманыма жетсем ғой
Мамандыққа қалаған
Лезде барып түссем ғой
Бері қара,қазағымның баласы
Сорлы анаң, жүр тырысып сен үшін
Тұр шалынған жеріңнен.
Арманына,мақсатына талпынып
Мынау жатқан жасыл сай Берікқара,
Жолаушым, жанап өтпей келіп қара.
Сылдыр өзен, сұлу шың қиясында,
Ойнақтайды тым ерке елік қана.
Жарасқан шүйгін, кең жайлау,асау өзен,
Асқар тау, көркем орман, көркем бел.
Лебі жұпар ерке жел,
Жанға сая Отанымыз-Қазақстан көркем ел.
Елі үшін еркіндіктен айрылған
Елдің қамын,болашағын ойлаған
Түсінбейді-ау кейбір озбыр,жалақор
Себепсізден кінә артып антұрған
Жігіт болсаң көтер басты
Салбыратпа иекті
Өз пікірің,ойың болсын
Көрсетпе әлсіз жүректі.
Алғашқы қар жауды бүгін даламда,
Ақ мамыққа оранды бүгін қаламда.
Біз тұрған жер,бақыттың іші ағарды
Ұқ сайды ол бізді күткен анаға.
Әбіш аға біз үшін ұлы тұлға
Жүректерге мәңгілік із салуда
Жазғандарын оқысам тебіренем
Көңіліме көп нәрсе ұғынам да.
Шыңғыстау жатыр алда көлденеңдеп,
Көз тартады сұлулық көрмеген көп.
Қарауылтөбе, үстінен бұлттар ұшып,
Бара жатыр етегі көлбелеңдеп.
Аллаға тәубе біз етеміз,
Алланың пендесі екенбіз.
Жұманы біз ұмытып,
Дискотекаға топырлап кетеміз.
Өмір жолың тарам-тарм білгейсің!
Өмір жолың тарам-тарам білгейсің
Түзу жолдың қайсысы екенін білмейсің
Адасып барып,шатасып талып
Мен қандаймын?Осы сұрақ ойымда әр кез
Осы сұрақ,санамды мазалайды
Түнде ұйқымды,күндіз күлкі ұрлайды.
Я,көбісі мен туралы былай ойлайды....
Күлемін өлеңім мұң көрмес үшін
Өлең ғой сарқылмайтын,сөнбес күшім.
Аллама жатсам,тұрсам дұға етемін
Өлеңім жат қолында өлмес үшін
Тілімді орысшамен тілімдеген
Орыстың саясаты аз болдыма?
Қазағым жаңа қазақ болған кезде
Қайтадан өзге тілге-тіл артты ма?!
Мерекеңмен құтықтаймын ана
Жанға жылу сыйлаған жан-Ана
Шаттық күлкі әуені бөленген
Сендер барда бақытты ғой бала.
Шала қазақ
Орысшалап қоймайсың
Өз тіліңді менсінбейсің
Өзге тілде сайрайсың
Мен осы қазағыма қайран қалам,
Жүздері пәк бұлбұлдай жайраңдағын.
Қиындық басқа шауып тұрса-дағы,
Ешқашан жеңілмеген қайран бабам!
Қайранда қайран уақыт,
Күндерім өткен бір бақыт.
Реніш пенен өкініш,
Қояды ойды мұздатып.
Жүрегінде жүрегінің ғаламның,
Орын алып мәңгілік жол бастаған.
Жиырмадағы жас қалам - Астанамның
Келбеті дүйім жұртты тамсандырған.
Мен ұстазбын-мәңгі бағым сақталған,
Мен ұстазбын- ана үміті ақталған.
Мен ұстазбын- адал еңбек бекіткен,
Мамандығым ел алдында мақталған.
Кесірленіп тамаққа төккізетін адам бар,
Мүгедекті мазақтап тепкізетін адам бар,
Боқауыз-сөз жаттатып,
Үлкендерден аттатып,
Ағзам әлсіз шыдамайды суыққа,
Нәски шешсем зақым тиер қуыққа.
Бұрынғылар көше шарлап жүріп-ақ,
Он баланы үлгеретін туыпта.
Қалайсың ба? жоқ əлде қаламайсың,
Кейде ақылды, кейде жас баладайсың.
Іс біткен соң, қол ұшын созғандарға,
Танымастай таңырқап қарамайсың.
О! қыздары қаракөз қазағымның,
Боп тұрсың ғой арқауы жазарымның.
Барады ғой шеңбері етек жайып,
Көңіл жазар түнгі *Тəн*базарыңның.
Оян жастар, көзіңді аш, ерінбе
Қазақпын деп, құр мақтанба, елім деп
Сөзбен көкке көтермей елдің атын
Сауат ашып, білімге жақын тартын
Жынданып шығып
есіктен,
Жылағым келді,
кіре алмай...
Алаштың айбыны асқар арыстары
Аз емес қазағымның данышпаны.
Өмірі-өлең,жаны-жыр Мұқағали
Жалыңды жырдың атанған арыстаны.
Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.
Көп ақылы қалмағаны ойымда,
Есімде тұр, сөйлемеймін алшы ғып.
Баласымын, сосын шығар бойымда.
Әкеме ұқсас мін мен мінез баршылық.
Қарағаның қимай-қимай тамсана,
Шексіз бақыт сыйлар маған қаншама.
Мен бағымды іздемеймін өзгеден,
Махаббатың қанша əуреге салса да.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі