Күліп тұрмын
Мынау ғалам үн тұнған,
Сапырылысқан бір тынбай.
Өзімді алға жіберіп,
Күліп тұрмын сыртымнан.
Мынау ғалам үн тұнған,
Сапырылысқан бір тынбай.
Өзімді алға жіберіп,
Күліп тұрмын сыртымнан.
Көне дәуір қарап тұрды төбемнен
Аспан болып тесіле.
Кеудемді ұрып, мақтанумен келем мен
Ақылдымсып несіне?
Көзімнен ұшты қай сәтім жадырап, күліп?
Көңіл күйімдей - Алматы, атырап тынып.
Айналып бәрі әп сәтте әлденелерге
Сөгіліп кетті жан жүйем қақырап тұрып.
Көзім жетті кеткеннің келмесіне.
Бір көруді көкседің сен несіне?
Тамшылар да теңселіп бара жатыр,
Ұшып кете алмай не Жерге сіңе.
Көзімді ашсам
Көлденең жосылар сағым.
Көгілдір күндер
Дейсің ба қосылар шағың.
Көзге әдемі көрінеді, гүл ыстық.
Үндемей ақ біз екеуміз ұғыстық.
Жалғыз қалып осы сәтті күтемін,
Ой екеуміз. Тыныштық.
Керегі не тірліктің күйігінің?
Мен -құммын, Жер - ананың түйірімін.
Жүрегім бе? Жап-жарық мәңгі нұрдан.
Беті - сәуле, өзегі- от, бүйірі - күл!
«Келбетімді ашпай
Мұңды мың ағын.
Сәл нәрсеге
Бүліндім һәм жыладым.
Бұл өмірді қайтадан дәл осылай сүрер ме ең?
Қазақ болсаң қасіретімді біле бер.
Ол алаңға шығып кетті сол күні
Отаршылдық азарынан жүдеген
Таң атады, сейіліп қараңғы да,
Күн келеді, көңілді алаң қыла.
Жапырақтар ұшады тал басынан,
Жаз көйлегі тағы да тоналды ма?
Бір сырым бар. Кімге айтып наз ғыламын?
Күлгін түсті күндерден жаз құрадым.
Жапырақ жеңіл күрсінді, білмегендей
Тағдыры үшін кімдерді жазғырарын.
Суретші, қырғыз қызы Күлнар Рысбекке
Сан ойдың теріп маржанын
Ойғаны ою-тұнып тұр!
Дос етіп, таңдап алғаным,
Жалғанда кім бар бүтін арманы?
Байғұсты, бәлкім, шүкір алдады.
Қашатын мылқау, құса тірліктен
Өз еркімен еш құтыла алмады.
Көрінбедің деп жазғырма,
Мезгілі кеткен наздың да.
Батқан да Күнге сыр айттым,
Айта алмаған соң азғынға.
Ең соңғы рет көрдім сені, ал тыңда:
Тек екеуміз жолығатын жағалау.
Өзен ақты өрекпіген қалпында,
Су тасыр деп тұнып тұрған қала - дау.
Елеңдемеймін ешкімге
Деймін бе? Бәлкім алдау бұл?
Бейтаныс мүлде кескінде
Күлкіңді сенің аңғардым.
Екеумізге ортақ, жалғыз бақыт бар.
Қоштасамын. Шығыста күбірлеп Күн.
«Ұмытпаймын!» дегенмін. Уақыт па?
Сендік сенім. Мен оған жүгінбеппін.
Дос болма менімен, сүюге тіпті де болмайды.
Көзіме әдемі абай бол, әкелер ол қайғы.
Қайығың қалқиды, диірменің айналып,
Тынымсыз жүректі тоқтату- таңға айып.
Дауды бүгін дауламаймын өнбейтін.
Ақша бұлтқа айналғанмын көлбейтін.
Киімімді киіп Жерде жүр біреу
Баяғыдай сені жақсы көрмейтін.
Бұлттар, мені биікке алып ұшшы.
Өксік буды жүректі жалынышты.
Түпсіз көкке қараймын, қайда қоям
Тыншытпаған бір сәтке сағынышты.
Таудан қалың тұман түсті.Тұман ба?
Шыбын жаным бөлек екен шығарда.
Бұлттан шыққан Күн де ащы.Сонан да
Көкке көзін қысып қарап тұрар ма?
Жанбай жатып сөнген кім,
Ерегісті енді-ендің.
Жалмайтындай сұрақтар,
Жауап іздеп сенделдім.
Ел. 1999 жыл.
Әкем іздеп келген ел.
Күнге сені тең көрем!
Өзге жерде өмір бар,
Тұңғиық ой тұңғиықтан шығарар,
Көз алдыма аспан болып тұра қал.
Өзімді-өзім алдайын ба мен тағы,
Алда деп тұр мыналар.
Өзінен ғана табылған барлық керегі,
Атайбоз бидің елі еді.
Ескілік жол мен ескі ғылым еді қорегі,
Жақыпбай молда төрі еді.
Жолға шықсам бір сезім баурайды ерек,
Баурайды ерек, бір елес талмай демеп.
Үзілген бір ырғақтар мазалайды,
Жол үстінде үзігін жалғай ма деп.
Шет жер де болар азға сын,
Білесің атың озбасын.
...Көзімді көкке қадаймын
Көрсетпейін деп көз жасым.
Жылағанда жұбатқан түн еді.
Елжірегендей-ді жүрегі.
Анамдайын аймалап,
Менімен бірге жүдеді.
Ерте сүргін, Күн сүргін, кеші сүргін.
Басы жасыл болғанда , төсі күлгін.
Көрдім деп айта көрме, жалған, жалған.
Алдамшы ғұмырыңның несін сүрдім.
Ұйқымды ұрлап, мазамды алған не білмен,
Бәйге атындай арбаларға жегілген.
Тәнім көніп, жаным көнбей жыбырға,
Жүрек, ойым тіршіліктен жерінген.
Болмысымның
сан бойладым тереңін.
Ақ, қарасын
Түссізін де еледім.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі