Бір орында тұрған қойма суындай емес, ағып-тасып тұрған сарқырамадай бол. Ілмектер: су, сарқырама, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пауло Коэльо Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бір орында тұрған қойма суындай емес, ағып-тасып тұрған сарқырамадай бол.
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. Ашу деген - ағын су, Алдын ашсаң, арқырар. Ақыл деген - дария, Алдын тоссаң, тоқырар. Кісі бірге туыспау керек, Туысқан соң сөз қуыспау керек. Сөз қуған пәлеге жолығады. Жол қуған олжаға жолығады. — Әйтеке би ақыл, сөз
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. — Асан қайғы қадір, қасиет
Үй сатып алсаң - көршіңе қара, жер сатып алсаң - суына қара. — Жүсіп Баласағұни үй, көрші
Асқар тау сенде бір мін бар- Асу бермейсің; Тасқын су, сенде бір мін бар- өткел бермейсің; Билер, сендерде бір мін бар- Басқаға сөз бермейсің! — Әйтеке би мін, сөз
Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім. — Әбілхан Қастеев сурет салу, тау
Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан шықпағаны игі, Адам ішпес ащы судың аққанынан ақпағаны игі, Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың – туғанынан тумағаны игі. — Қорқыт ата ат, игі
Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа. — Асан қайғы топ, адасу
Өскенді де көргенбіз, бөскенді де көргенбіз, Өсіп-бөсіп ақыры өшкенді де көргенбіз. Болғанды да көргенбіз, толғанды да көргенбіз, Болып, толып ақыры солғанды да көргенбіз. Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз, Асып-тасып ақыры сасқанды да көргенбіз. — Қайнекей Жармағамбетов өсу, асып-тасу
Хабарлама
INFO
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі