Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. Ілмектер: еңбек, дәулет Абай Құнанбайұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. — Мұхтар Әуезов іс, күш
Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді. — Ғабит Мүсірепов адам, өмір
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап
Дене еңбегі ой еңбегінің қасиетін арттыра түскенімен қоймай, оны мадаққа бөлейді. — Лев Толстой еңбек
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың. — Абай Құнанбайұлы еңбек, хайуан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Хабарлама
INFO
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі